АТПА НАЙЗА

АТПА НАЙЗА — қарапайым серіппеарқылы атылатын садақтың күрделі түрі. Атпа найза Шығыста б.з.б. дәуірлерде-ақ қолданыла бастады. Ол ағаш құндаққа бекітілген ауыр садақ түрінде болды. Адырнасысеріппе ілгешекке екі қолдың күшімен ілінеді. Кейде аяқ, тізе күші де қолданылады. Атпа найзаны атуға әзір күйінде ұстауға да болады. Археол. деректер бойынша мұндай садақтар Қытай терр-да б.з.б. 8-5 ғ-лар шамасында пайда болған. Бұл жазба деректермен де дәлелденді. Б.з.б. 5-4 ғ-ларда жазылған “Сунь цзы” (Қытайдың көне әскери өнері туралы трактаттар) мәтіндерінде А.н. мәнін білдіретін сөздер бар. Онда жай садақ мәніндегі иероглифтің жоғарғы бөлігіне қосымша “механизм” мағынасын үстейтін белгілер салыну арқылы “ Атпа найза” ұғымы таңбаланған. Осылайша садақ және механизмді садақ (яғни Атпа найза) ұғымдары иероглиф түрінде белгіленген. Атпа найза сауыт киген жауды шамамен 700-720 м жерден өлтіре алған. Найзаның мұндай түрлерін қазақ сарбаздары да қолданған. Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде қолданылған “арбалет” — fтпа найзаның жетілдірілген түрі. “Арбалет” — көне латын тіліндегі argus — садақ және ballіsta — лақтырғыш жарақ деген ұғымдардан шығарып француздар қолданған arbalete термині арқылы қалыптасқан. Ресейліктер оны “самострел” деп атады. “Арбалет” — ағаш құндаққа бекітілген болат садақ. Оның адырнасы шығыршықты механизм (ворот) арқылы тартылатын болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *