АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ

АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ , Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының, 1993 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтының бөлімдері мен лабораторияларының негізінде құрылған. Курчатов (Семей қ.) және Алматы бөлімдерінен тұрады. Атом энергиясы институтының Курчатов бөлімінің құрылымында ИГР (графиттік зерттеу реакторы) кешені және 4 ғылыми-зерттеу бөлімшесі, ал Алматы бөлімінде ВВР-К зерттеу реакторы және 5 ғыл. лаборатория бар. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: атом энергетикасының қауіпсіздігі, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторлық материалтану, ғыл. жағынан кең қамтылған ядролық технологияларды халық шаруашылғ5ына ендіру т.б. Атом энергиясы институтының 1-кезектегі міндеті — реакторда жүргізілетін зерттеулерді Қазақстанның экон. мүдделеріне сай қайта бейімдей отырып, реакторларды жетілдіру. Атом энергиясы институтында Г.А. Батырбеков, Е.С. Бекмұхамбетов, Д.К. Дәукеев, К.Домбаев, Ж.Р. Жотабаев, Д.И. Зеленский, В.И. Плотников т.б. белгілі ғалымдар қызмет атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *