АТАУ КЕРЕ

АТАУ КЕРЕ — адамның өлер алдындағы ең соңғы асы; көне заманда қалыптасқан салт. Б.з.б. 2 ғ-ға жататын қытай жазба деректерінде үйсіндерде А. к. ішкізу салты бар екендігі айтылады. (Ханнама. Үйсін туралы зерттеу. Шыңжаң халық баспасы, 1989, 260-261 б.). Онда А. к. “дәм таттыру”, ең соңғы асын ішкізу түрінде көрсетілген. Бұл салт басқа халықтарда да кездеседі. Қазіргі кезде Қытайда өлім жазасына кесілген адамнан соңғы тілектерінің ішінде “не тамақ жегің келеді ?”, — деп сұрайтын әдет бар. Соның негізінде ол адамға қалаған тамағын даярлап береді. Бұл тамақты қытайша: “Ниан йе фан” (“Ғұмырыңның соңғы күнгі тамағы”) дейді. Қытай қазақтары арасында да өлер алдындағы адамның аузына жұбайы немесе ең жақын адамы: “Қолымнан татқан ең соңғы дәмің болсын”, — деп, су тамызады. Олар мұны “атау суы” деп атайды. Қазақтарда “А. көңді іш” деген қарғыс бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *