АСТАНА МОТОРС (Astana Motors) — автомобиль және оның қосалқы бөлшектерін сататын, автомашиналарды жөндеу мен күту қызметтерін атқаратын қазақстандық компания. Жапониядағы “Тойота Мотор Корпорейшн” (“Toyota Motors Corporatіon”) компаниясының ҚР-ндағы ресми делдалы (дилері) ретінде 1993 ж. Алматыда құрылған. Ол көптеген мамандандырылған кәсіпорындар ашуға ұйтқы болды. Соның ішінде 1995 ж. компаниядан бөлініп шыққан “Алматы Тойота орталығы” (“Toyota Center Almaty”) тех. қызмет көрсету ст. бар. Жеңіл автомобильдер, джиптер, шағын автобустар, “Тойота” автобустарын сатады. Стансадан сатып алынған әрбір автомобильге “Toyota Motor Corporatіon” компаниясы 50 000 км қашықтыққа немесе 12 айға кепілдік береді. 1995 ж. “Астана моторс” компаниясынан оқшау отау тіккен “Астана секьюрити” (Astana Securіty — қауіпсіздік қызметі) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды, объектілерді қорғайды, ҚР-да тасылатын жүктердің қауіпсіздігін қаматамасыз етумен айналысады. Астана, Қостанай, Ақтөбе қ-ларында компанияның филиалдары жұмыс істейді.