АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ – Астана қаласындағы дәрігер мамандар даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орныАқмола медицина институты негізінде ҚР Үкіметінің 1996 жылы мамырдағы қаулысымен құрылған. Академияның емдеу, педиатрия, медицина-биология факультеттерінде 30 ғылым докторы, профессоры, 104 ғылым кандидат дәріс береді (1997). Құрамына Ақмола, Арқалық, Қостанай, Петропавл колледждері енеді. Ғылым-зерттеу жұмыстары: патогенез мәселелері, қарқынды терапия, аурудың терминалдық жағдайы, реанимациялық аурулар, жұқпалы ауруларды емдеу мен алдын алу әдістемелерін жасау, дегенеративті дистрофия және ортопедия сырқаттарын емдеудің экон. және атравматикалық әдістерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *