АСПАН АТА, ЖЕР АНА — ислам діні енгенге дейін Қазақстандағы түркі тайпалары Көк Тәңіріге табынған. Жалбарынғанда көкке қарап, “Аспан ата, Жер ана” деп жалбарынып, тілек тілеген. Көк жаңбыр беріп, Жер адамды асырағандықтан, бұрынғы бабаларымыз Аспан ата, Жер ана деп қасиеттеген.