АСА НӘЗІК ТҮЗІЛІС — атом энергиясы деңгейлерінің өте жақын орналасқан қосалқы деңгейлерге жіктелуі. Ол атом ядросы магниттік моментінің атом электрондарының магнит өрісіменәсерлесуі нәтижесінде түзіледі. Деңгейлердің А. н. т-і салдарынан атом спектрінде бір спектрлік сызықтың орнына бір-біріне өте жақын орналасқан сызықтар — спектрлік сызықтардың А. н. т-і пайда болады. Көршілес деңгейлерінің аралығы өте кішкентай (10-5 — 10-7эВ). Бұл нәзік түзіліс деңгейлері ара қашықтығынан 1000 есе кіші. А. н. т-ті молекулалар мен кристалдар спектрлерінен де байқауға болады. Оны зерттеу ядроның магниттік моменті мен оның пішіні және құрылымы жайында мәлімет алуға мүмкіндік береді.