АСАУ МӘСТЕК — қазақ халқының ұлттық ойыны. Жазық алаңда өтеді. Ол үшін аралығы 1,5 — 2 м, биікг. 1 м екі бөрене жерге орнатылады да, оларды үш-төрт рет айналдыра тартып арқан керіледі. Жерге бір-екі тақия тасталады. Арқан үстіне көрпешік төселеді. Осы құрылым “асау мөстек” аталады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынды басқарушы ойын ережелерін түсіндіріп, ойнаушыларды шақырады. Ойыншы А. мәстекке атша мініп отырып, жерден тақия алуға әрекет жасайды. Үш дүркін ойын ережесін бұзбай тақияны жерден көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.