АСАЙ-МҮСЕЙ - бақсылар тұтынған сиқырлы мүліктердің жиынтық атауы. Қазақ халқының ежелгі наным-сенімдерін ұстанған бақсылар науқас адамға психологиялық ықпал жасау арқылы оларды ауру-сырқаудан айықтыруға ұмтылған. Ол үшін әлем-жәлем киініп, құбыжық күйге түсіп, қолдарына сылдырмақты аса таяқ ұстап, үрей туғызады. Асай-мүсей — бақсылардың осы құрал-жабдықтарының жиынтық атауы. Шамандық нанымда Асай аспандағы, Мүсей жердегі жебеушілерді жәрдемге шақырады.