АСАБҰҚА Яняұлы (1262 — 1309) — қоғам қайраткері, Юан патшалығының шүймиян (мемл. дәрежедегі әскери істер мин-гі) бастығы. Қаңлы мемл. бірлестігі ханының ұрпағы. Монғолдар қаңлыларды бағындырғанда А-ның әкесі Яняны жесір қалған шешесімен бірге патша ордасына алып кеткен. Яня ержеткен соң ел билеп, князь шеніне ие болды. Асабұқа сол жерде туды. Ол өзінің зеректігімен, іскерлігімен көзге түсіп, он төрт жасында Орда атқосшысы, кейін Чыңзұң Темір патшаның әскери қызметшісі болды. Ұзұң Хайсан патша тұсында шүймиян бастығы дәрежесіне көтерілді.