АРЫС — Оңт. Қазақстан обл-ндағы қала, ірі т.ж. ст. Облыс орт. — Шымкент қ-нан батысқа карай 79 км жерде, Арыс өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1900 ж. Орынбор — Ташкент т.ж-н салу кезінде жұмысшы кенті ретінде іргесі қаланған. Қала құрамына 6 ауылдық әкімш. енеді. Тұрғыны 35,9 мың адам (1997). Климаты тым континенттік. Орташа темп-ра қаңтарда -2 — 10°С, шілдеде 30°С. Қалада локомотив депосы, механикаландырылған колонна, 10 мектеп, стадион, 2 аурухана, 2 емхана, т.ж. клубы, мәдениет үйі, балалар үйі, т.б. бар.