АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ

АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірханаболуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Осыған орай ел арасына тараған мынадай аңыз бар. “Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Ғимараттың қабырғасы қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда осы оқиға тағы қайталаньш, құрылыс үйілген төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Бір күні түсіне ақ киімді шал еніп, ол Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал деп кеңес береді. Осы кеңес орындалған соң ғана, Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі құрылысын ойдағыдай аяқтапты”. А.б. к. 20 ғ-дың басында жергілікті халыктың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауд. 35 х 12 м, биікт. 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солт. жағы кесене, оңт. жағы мешіт есебінде қайта жөнделді. Дәліз-қақпа мандайшасына мәрмәр тақта каланып, бейне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Кесене мемл. қорғауына алынған. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *