АРЫНОВ Нұрлан Мұхтарұлы 

АРЫНОВ Нұрлан Мұхтарұлы (23.9.1961 ж.т., Алматы қ.) – медицина ғылымдарының докторы (1997). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1984). Алматы қалалық емханасында дәрігер (1984–90), Алматы мемлекеттік медицина университетінде ассистент, доцент (1990–94), Алматы қаласындағы Хирургия ғылыми орталығында жетекші қызметкер (1994–97) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан осы орталықтың бөлім меңгерушісі. А-тың ғыл-зерттеулері соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ұлтабар, ішек, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктеріне арналған. Ол Қазақстанда алғаш рет балалар бауырының зақымдалған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. Мемл. “Дарын” сыйл. лауреаты (1996).  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *