Архаика 

Архаика(грек. archaіkуs — ескі, көне) — өнер дамуының көне замандағы анайы түрі. Өнертану ғылымында Архаика атауымен ежелгі грек және мысыр өнерін атайды. Ежелгі грек өнері (б.з.б. 8-6 ғасырда) Грекия жерінде, грек аралдары шоғырында, Кіші Азия мен Оңтүстік Италия жағалауларында дамыған. Архаика өнері өткінші рөл атқарады. Архаика — монументті бейнелеу өнері мен сәулеттік пішіндердің қалыптасқан кезеңі. Ол кезеңде бағандармен қоршалған периптер типтегі ғимараттар мен ордерлер жүйесі (дори және ионика) құрылды. Мүсіндеу өнерінде жалаңаш денелі атлет жігіттер (курос) және киімдері мен төгілген шаштары өте дәлдікпен сомдалған қыздар (кора) мүсіндері сияқты негізгі типтер қалыптасқан. Б.з.б. 6 ғасырдың 3-ширегінде құмыра жасау өнерінің қара фигуралы, яғни балшықтан жасалған құмыраны тұтас қарамен бояп, соның үстінен өткір пышақпен бедер салу мәнері гүлденді. Бұл өнер Африка елдерінің кейбірінде осы күнге дейін бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *