АРТИКУЛЯЦИЯ (лат. artіculo — бөлу), музыкада — 1). музыкалық аспапта немесе дауыспен орындағанда үн шығару әдісі. Артикуляцияның 3 түрі бар:үнді байланыстыра (legato), бөле (nоn legato), қысқарта (staccato) шығару. Артикуляция сөз арқылы (legato, pіzzіcato, tenuto, portato) немесе өзіне тән жазба таңбалармен белгіленеді: лига, нүкте, сызықша, т.б. 2). Ән айту кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды айқындап айту.