АРАЛ

АРАЛ — түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. Құрлыққа қарағанда аралдың ауданы шағын келеді. Жаратылысына қарай құрлықтық және дербес, ал тұрған ортасына қарай мұхиттық, теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Жер шарындағы аралдардың жалпы аумағы 9,9 млн. км²-ге тең немесе Еуропа құрлығының ауданымен шамалас келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия (2,18 млн. км²). Қазақстандағы ең үлкен арал – Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *