АРАЛ АУДАНЫ – Қызылорда обл-ндағы әкімш. аудан 1938 ж. ұйымдастырылды. Әкімш. жағынан 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық әкімш. округтерге бөлінеді. Орталығы — Арал қ Жерінің аум. 56 мың км2. Тұрғыны 73,9 мың адам (1997). А.а. облыстың солт. батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Оңт. бөлігін түгелдей Арал т. алып жатыр. Аудан батысы мен солтүстігінде Ақтөбе обл-ның Шалқар және Ырғыз аудандарымен, солт.-шығысында Қарағанды обл-ның Ұлытау ауд-мен, оңт.-шығысында Қызылорда обл-ның Қазалы ауд-мен, оңтүстігінде Қарақалпақ Респ-мен шектеседі. Жерін солт.-батыста Тұран ойпаты, батыста Үлкен және Кіші Борсық құмдары, солт.-шығысын Баршақұм, шығысын Арал Қарақұмы алып жатыр. Қарашоқы (283 м), Алтыншоқы (209 — 247 м аралығында), т.б. таулар кездеседі. Кен байлықтарынан темір кентасы, тұздар (мирабилит, астраханит, ас тұзы), борат, мұнай және кварц құмдары мен құрылыстық тастар бар. А. а-ның климаты тым континенттік. Орташа ауа темп-расы қаңтарда — 13-25°С, шілдеде 24 — 35°С. Жауьш-шашынның мөлш. 100 мм-ге жуық. Ауд. жерінде өсімдіктерден жусан, селеу, жыңғыл, сексеуіл, жиде, қамыс, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен құм қояны, сарышұнақ, қосаяқ, түлкі, қасқыр, қарақұйрық мекендейді.
А. а-ңда тұрғындардың басым көпшілігі қалада тұрады. Орта тығызд. әр 1 км2-ге 1,3 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Сазды, Абай, Шижаға, Сапақ, Ақесік, Жалаңаш, Ақбасты, Құланды. Аудан, негізінен, қаракөл қойын, ірі қара жылқы және түйе өсіруге маманданған. Қазір бұрынғы кеңшарлар негізінде ұжымдық шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Ауд-да 30-дан астам бастауыш, 25 сегізжылдық, 12 орта мектеп, клубтар мен кітапханалар, аудандық жөне 8 учаскелік аурухана, 6 дәрігерлік пункт, қонақүй, мейрамхана, асханалар, тұрмыс қажетін өтеу мекемелері бар. Казақ тілінде “Толқын” атты аудандық газет шығады. Ауд. арқылы Орынбор — Ташкент т. ж., Қызылорда — Ақтөбе автомоб. жолы өтеді.