АРАЛҚҰМ — Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Лепсі мен Басқан өзендері аралығында орналасқан қырқалы төбешікті құмы. Алматы облысы Ақсу аудандық жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр. Ендірек жері 18 км. Төбешікті құмдардың биікт. 15-20 м-ге жетеді. Өзен аңғарымен ұласқан жерлерінде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ, жүзгін, қоянсүйек, жусан, селеу т.б. өседі.