Аралбаев Жалғасбай (31 наурыз, 1893, Қызылорда облысы Қазалы ауданы — 1979, Қарақалпақстан, Нүкіс қаласы) — ақын, әнші, күйші.
Сыр өңірі ақын-жыраулары мен әнші-күйшілерінің шығармаларын ел арасына таратқан. 1934 жылы халық өнерпаздарының республикалық слетіне қатысқан. Нартай Бекежановтыңэстрадалық концерт бригадасында өнер көрсеткен. Соғыстан кейін Қарақалпақстанға қоныс аударып, Қарақалпақ филармониясының қазақ труппасында қызмет істеген. Толғаулары мен әндері, өзі шығарған күйлері халық арасына кең тараған. Аралбаевтың орындауындағы Базар жыраудың “Ақтолық-ай”, “Күміс-ай”, Шораяқтың Омарының “Өмір өткелдері” толғаулары, халық күйлері, өзінің “Өсекшілерге”, “Өткен заман, қай заман”, “Көрерге көркің болмаса” жырлары мен екі күйі күйтабаққа түсірілген.