АРАЛАС ЕГІС

АРАЛАС ЕГІС — бір танапта дақылдың екі не одан көп түрін бір уақытта өсіру. Оның біржылдық дақылдар қоспасы, сүрлемдік және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасы, көпжылдық шөптер және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасы сияқты үш түрі бар. Біржылдық дақылдар қоспасы (судан шөбі мен сиыр жоңышқа, арпа не сұлы мен асбұршақ) республиканың солт. аймағында егіледі. Мыс., судан шөбі таза егістігінің әр га-нан 37 ц, оның асбұршақпен қоспасынан 43 ц, сиыр жоңышқа мен сұлы қоспасынан 59 ц пішен өнімі алынады. Сүрлемдік және бұршақ тұқымдас дақыл қоспасы (яғни сүрлемдік жүгері мен соя) Қазақстанның барлық аймақтарында егіледі. Мұнан алынған жемшөп өнімінің құрамындағы қорытылатын протеин мөлш. 30-35% артады. Көпжылдық шөптер және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасының түрлері (беде мен қылтықсыз арпабас, эспарцет пен еркек шөп және беде, жима тарғақ, беде мен шалғындық бетеге т.б.) өте көп. Ол жергілікті жердің ауа-райына байланысты таңдалады. Жалпы А. е. ылғалды, жарықты, топырақ құнарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, таза егістермен салыстырғанда әр га-дан алынатын өнімді арттырады. Өнімнің сапасын жақсартады, қорытылатын протеин мөлшерін жоғарылатады. Тиімді агротехникалық шараларға: шөп түрлерін дұрыс таңдау, олардың қолайлы арақатынасын, себу мөлшерін, егу тәсілін белгілеу т.б. жатады. Бұршақ, астық тұқымдас дақылдардың көк балаусасы бірінші дақыл гүлдей бастаған кезде немесе жаппай гүлдегенде орылып алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *