АРАЗДЫҚ — адамның мінез-құлқындағы өштесу, қастасу, ренжісу, ұрысу сияқты жағымсыз қылықтар. “Араз”, “араз-құраз”, “дүрдараз”, “дүрдию” дейтін мінез көріністерінен байқалады. А-тың шарықтау шегі — төбелес, барымта, шапқыншылық. Адамдардың ішкі пиғылы, теріс ниеті сырт пішіндерінен, көзқарастарынан, сөз саптауларынан байқалады. Бас араздық — жеке адамдар арасындағы өшпенділік. Психология ғылымы А-ты адамдардың өзара жете түсінбеу салдарынан туындайтын адамгершілікке жат қылықтар деп санайды,