АРАВАКТАР

АРАВАКТАР — Оңт. Америкада тұратын үндіс халықтарының бір тобы. Саны 400 мыңға жуық (1996), антропол. жағынан американ нәсілінің монғолид түріне, тілі — анд-эковаториалдық тілдер тобына жатады. Негізгі кәсібі — егін ш. еугістік үшін ормандағы ағаштарды өртеп, тазартып, ащы маниок жемісін өсіреді. Гаити мен Пуэрто-Рикода, Кубада, төменгі Ориноконың Венесуэлалық жағындағы жағалауында өмір сүреді. Атадан балаға мұра болып келе жатқан көсемдік және абыздық дәстүрі сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *