АПОРИЯ

АПОРИЯ (грек. aporia — тығырық) — көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым. Ол, негізінен, бақылау және тәжірибе жасау арқылы алынған қорытындылар мен сол қорытындыларды ойша талдап көрудің арасындатуатын қайшылықтарды білдіреді. А. көбіне, грек философы Зенонның (б.з.б. 5 ғ.) тұжырымдарымен байланыстырылады, бірақ оның өзі бұл терминді қолданбаған. Зенон белгілі бір нәрсенің немесе заттың мөлшері мен өлшемі туралы ұғымдар қайшылықты деп пайымдайды. Өз пікірін дәлелдеу үшін Зенон бірнеше дәлелдер ұсынады. Оның пікірінше, мөлшер мен өлшем ұғымының қайшылықтылығына байланысты бір заттың көп болуы мүмкін емес: өйткені бір затты екіге бөлу үшін үшінші нәрсе керек. Егер бір нәрсені көп деп түсінсек, оны шексіз мөлшерде көгі деп тануға тура келеді. Себебі ол қаншаға бөлсең де, бөліне береді. “Дихотомия” (екіге бөлу) А-сында қозғалушы дене белгілі бір қашықтықты жүріп өту үшін әуелі оның жартысын, ал осы жартыны өту үшін оның жарты бөлігін, сонан соң оның жартысын жүріп өту керек. Осылайша шексіздікке дейін жалғаса береді, яғни қозғалушы дене қозғалысты бастамауы да мүмкін (А-ның екінші бір түрі бойынша: қозғалыс өзінің қозғалыс мәнінде тұрғанда тоқтауы, кідіруі мүмкін емес). “Ахилл” А-сы: желаяқ Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, себебі ол тасбақаға дейінгі қашықтықты жүгіріп өткенше, тасбақа өзінің ол орнын ауыстырып, белгілі бір қашықтыққа жылжып кетеді. Ахилл осы қашықтықты игергенше тасбақа тағы да алға жылжиды, осылайша жалғаса береді. Зенонның осы аталған және тағы басқа А-лары қозғалысты матем. өрнектеудің және бұл процесте қолданылатын ұғымдардың қайшылықты екенін көрсетті. Ол қайшылықтар бірлігін түсіне алмағанымен, қозғалыстың қайшылықты екенін дұрыс байқады. Зенон А-лары антикалық матем-ның, логиканың және диалектиканың дамуына жол ашты. Ол кеңістік, жеке мен жалпы, бүтін мен бөлшек, қозғалыс пен тыныштық ұғымдарындағы қайшылықтарды көрсетіп, олардың шешімін іздеуге негіз салды.

(грек. aporia — тығырық) — көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым. Ол, негізінен, бақылау және тәжірибе жасау арқылы алынған қорытындылар мен сол қорытындыларды ойша талдап көрудің арасындатуатын қайшылықтарды білдіреді. А. көбіне, грек философы Зенонның (б.з.б. 5 ғ.) тұжырымдарымен байланыстырылады, бірақ оның өзі бұл терминді қолданбаған. Зенон белгілі бір нәрсенің немесе заттың мөлшері мен өлшемі туралы ұғымдар қайшылықты деп пайымдайды. Өз пікірін дәлелдеу үшін Зенон бірнеше дәлелдер ұсынады. Оның пікірінше, мөлшер мен өлшем ұғымының қайшылықтылығына байланысты бір заттың көп болуы мүмкін емес: өйткені бір затты екіге бөлу үшін үшінші нәрсе керек. Егер бір нәрсені көп деп түсінсек, оны шексіз мөлшерде көгі деп тануға тура келеді. Себебі ол қаншаға бөлсең де, бөліне береді. “Дихотомия” (екіге бөлу) А-сында қозғалушы дене белгілі бір қашықтықты жүріп өту үшін әуелі оның жартысын, ал осы жартыны өту үшін оның жарты бөлігін, сонан соң оның жартысын жүріп өту керек. Осылайша шексіздікке дейін жалғаса береді, яғни қозғалушы дене қозғалысты бастамауы да мүмкін (А-ның екінші бір түрі бойынша: қозғалыс өзінің қозғалыс мәнінде тұрғанда тоқтауы, кідіруі мүмкін емес). “Ахилл” А-сы: желаяқ Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, себебі ол тасбақаға дейінгі қашықтықты жүгіріп өткенше, тасбақа өзінің ол орнын ауыстырып, белгілі бір қашықтыққа жылжып кетеді. Ахилл осы қашықтықты игергенше тасбақа тағы да алға жылжиды, осылайша жалғаса береді. Зенонның осы аталған және тағы басқа А-лары қозғалысты матем. өрнектеудің және бұл процесте қолданылатын ұғымдардың қайшылықты екенін көрсетті. Ол қайшылықтар бірлігін түсіне алмағанымен, қозғалыстың қайшылықты екенін дұрыс байқады. Зенон А-лары антикалық матем-ның, логиканың және диалектиканың дамуына жол ашты. Ол кеңістік, жеке мен жалпы, бүтін мен бөлшек, қозғалыс пен тыныштық ұғымдарындағы қайшылықтарды көрсетіп, олардың шешімін іздеуге негіз салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *