АПЕРТУРА (лат. apertura — тесік, саңылау) — 1) оптикалық приборлардың линзаның не диафрагманың мөлшерімен анықталатын жұмыстық (әсер етуші) тесік. Бұрыштық А. — жүйе құрамындағы конустық жарық шоғының шеткі сәулелері арасындағы бұрыш (а). Сандық А. деп А = п·sin(α/2) санын айтады (мұндағы п — ортаның сыну көрсеткіші); 2) антенна техникасындағы А. — сәулені тарататын немесе қабылдайтын күрделі антенналардың беті.