АНТРОПОМЕТРИЯ

АНТРОПОМЕТРИЯ — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропол. зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. А. тәсілінің негізін алғаш француз антропологы П. Брок қалаған (19 ғ.). А. өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антрополда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы, т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бас сүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп А-лық материалдарға жан-жақты статист. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін, т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде А-лық деректер ескеріледі. Криминалистикада А-лық деректер қылмысты адамды анықтауда кең пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *