АНТ

АНТ — жеке тұлғаның ең қастерлі нәрсемен өзге бір адамды не адамдар қауымын өзінің адал ниетіне салтанатты түрде сендіруі, уәде беруі, куәлік етуі. Қазақ дәстүрінде тіршіліктің ең негізгі нәрі нан ұстап, қасиетті Құранды ұстап адалдығына А. беру рәсімі ежелден қалыптасқан. Жаугершілік замандарда сарбаздар елдің бостандығы, намысы үшін жан аямасқа серттесіп, қылыштың жүзін сүйіп А. берген. Ел қорғау міндетін өтерде А. беру салты қазір жаңа мазмұнмен байыды.

Елбасының, өзге де мемлекеттік лауазымды қызметке сайланған не тағайындалған адамдардың мәртебелі қызметтеріне кірісер алдында салтанатты жағдайда халқына, еліне А. беру рәсімі бар. ҚР- ның тұңғыш Президенті өзінің мәртебелі қызметіне кірісер алдында Конституцияға алақанын тигізіп тұрып, ҚР Конституциясының 42-бабына сәйкес: “Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, ҚР Президентіне жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға” салтанатты түрде ант етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *