АНТИЛЬ АРАЛДАРЫ

АНТИЛЬ АРАЛДАРЫ — Орталық Америкадағы аралдар тобы. Олар Үлкен Антиль (Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико) және Кіші Антиль аралдары (Виргин, Жел өті, Ық аралдары) болып бөлінеді. Аум. 220 мың км2. Тұрғыны 30 млн. адамға жуық (1995). Жер бедерінде таулар басым. Ең биік жері — Гаити аралдарындағы Дуарте тауы (3175 м). Жазықтар, негізінен, Куба, Гаити аралдарының оңт.-шығысын, Виргин және Жел өті аралдарын алып жатыр. Сөнбеген ең биік Суфриер (1467 м) жанартауы және 1902 ж. Мартиника аралындағы Сан-Пьер қаласын басып қалған Монтан-Пеле (1397 м) жанартауы осы аймақта. Аралдардың маңында Юкатан (7680 м), Кайман (7090 м), Пуэрто- Рико (8742 м) су асты шұңғымалары орналасқан. Ірі портты қалалары: Гавана, Кингстон, Санта-Доминго. А. а- нда никель мен кобальт, боксит, мыс, хром кен орындары бар. Климаты тропиктік, ыстық ылғалды келеді. Ең салқын айдың темп-расы -21 — 23°, ең ыстық айдың темп- расы 26 — 27°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. Ық аралдарының оңт. батыс бөліктерінде 1000 мм-ден кем, ал Жел өті аралдарында 3000 — 5000 мм-ге дейін жетеді. Күзде аралдардың шығыс жағалауы арқылы тропиктік циклон (қарадауыл) өтеді. А. а-ның көпшілігі Куба, Гаити, Доминика, Жамайка мемлекеттері аумағын құрайды. Қалған бөлігі АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд, Франция мемл-терінің иелігінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *