АНТИБӨЛШЕКТЕР — массасы, спині, өмір сүру уақыты, т.б. сипаттамалары олардың “егіз” бөлшектерінікіндей болып келген, ал электр заряды, магниттік моменті, бариондық заряды, т.б. сияқты сипаттамаларының таңбасы оларға кері болып келетін бөлшектер. Абсолют бейтарап бөлшектерден басқа бөлшектердің барлығының А-і бар. Бөлшектер мен А-дің соқтығысуы кезінде аннигиляттану құбылысы байқалады.