АНТАРЕС (грек. anti. — қарсы, Арес — рим мифологиясындағы соғыс құдайы); С а рышаяндағы ажұлд ы з ы — айнымалы қос жұлдыз. Ол түсінің қызылдығы мен жарықтығы жағынан Марс планетасына ұқсас, ғаламдағы алып қызыл жұлдыз. Күннен диам. 428 есе үлкен, жарықтылығы орташа есеппен 5000 есе артық, қашықтығы 125 парсек. А-тің көрінерлік жұлдыздық шамасы әрбір 1733 күнде 0,9-дан 1,2-ге дейін өзгереді. А-ті 3,5″бұрыштық қашықтықта 6,8 жұлдыздық шамадағы серігі айнала қозғалады. А. өзінен 3600 жарық жылы қашықтықтағы NGC 4606 диффузиялық тұмандығын жарықтандырып тұрады. Орталық еңдікте жаз айларында аспанның оңт. жағындағы көкжиектен жақсы көрінеді.