АНОРТОЗИТ

АНОРТОЗИТ (аты анортит минералынан шыққан) — негізді және орта плагиоклаздан түзілген мономинералды интрузивтік тау жынысы. Оның плагиоклаздың құрамына қарай анортитит, битовнит, лабрадорит, андезинит атты түрлері бар. Акцессор (қоспа) минералы — магнетит. А-тің түсі қара сұрдан ақшыл сұрға дейін өзгереді, көбінесе, ашық түсті болып келеді. Менш. салм. 2,7 — 3,0 г/см3. Құрылымы ірі түйірлі. А. жеке сілемдер құрайды, негізінен, кембрийге дейінгі құрылымдарда кең таралған. Өндірісте қаптама материал ретінде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *