АНОМАЛИЯ

АНОМАЛИЯ (грек. anomalia — ауытқу) — қалыпты жағдайдан және жалпы зандылықтан ауытқу, бұрыстық.

1.Геологияда — табиғаттағы құбылыстың әдеттегі немесе теория бойынша болжанған шамадан күрт ауытқуы. Жер қыртысының түрлі физ. қасиеттерінің қалыпты шамадан ауытқуы геофиз. А. деп, ал жер қыртысындағы кейбір хим. элементтер мөлшерінің қалыпты шамадан ерекше көп болуы геохим. А. деп аталады.

2.Медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфол. ауытқуларға ұшырауы. А. балалар арасында хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан туындайтын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары, яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді. Қазіргі хим. ғылымы А. қ-дың гомоатомды және гетероатомды түрлерін қарастырады. Гомоатомды А. қ-ға бір ғана хим. элементтің атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттың қасиеті оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді. Элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан барлық элементтер түзетін жай заттар металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Металдар электрон беруге, бейметалдар электрон қосып алуға бейім. Олардың арасында екі жақты қасиетті амфотерлік заттар бар. Жай заттардың физ. қасиеттеріне олардың термодинамикалық (атомдану энергиясы, энтропия, энтальпия, фазалық өзгеру темп-расы, т.б.), кристалхим. (құрылымы, аллотропиясы, т.б.), физ.-мех. (қаттылығы, сызықтық және көлемдік ұлғаюы, т.б.), электр физ. (электр өткізгіштігі, концентраттануы, т.б.), оптикалық, магнитгік, т.б. қасиеттері жатады. Жай заттардың хим. қасиеттері олардың тотықсыздандырғыштық, яғни бейметалдық қасиеттеріне байланысты. Гетероатомды А. қ-дың ішіндегі ең қарапайымдары — екі элементтен құралған б и н а р л ы заттар. Олар құрамына байланысты кластарға (мыс., гидридтер, оксидтер, галогенидтер) жіктеледі. Екі элемент байланысып бірнеше бинарлы қосылыстар бере алады. Мыс., азот оттекпен қосылып 5 түрлі оксид береді. Олардың (дальтонидтер) құрамы тұрақты, құрылымы молекулалық болып келеді. Бинарлы қосылыстардың ішінде құрамы тұрақсыз, өзгермелілері де кездеседі (бертоллидтер). Бинарлы қосылыстар ионды (тұзтектес), ковалентті және металл тектес болып 3 түрге бөлінеді. Олардың қатарына интерметалдық қосылыстар да жатады (мыс., мыстың құймалары — қола, жез). Бинарлы қосылыстардың өзара әрекеттесуінен күрделі А. қ. шығады. Олардың құрамына үш не одан да көп элементтер енеді. Күрделі заттар: негіздер, қышқылдар және тұздар болып 3 класқа бөлінеді. Қышқылдар мен негіздер табиғаты қарама-қарсы заттар ретінде өзара оңай әрекеттесіп, тұздар түзуге бейім келеді. Тұздар өз кезегінде қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесе алады. А. қ-дың көпшілігі хим. өнеркәсібінде өндіріледі. Қазақстанда олардың көптеген түрлері, мыс., фосфор, хлор, оттек, сутек, көміртек, кремний, т.б., түсті металдар (алтын, күміс, мыс, темір, мырыш, қорғасын, титан, ванадий, қалайы, т.б.), бинарлы қосылыстар (кальций карбиді, т.б.), металдық негіздер (сілтілер), аммоний гидроксиді (мүсәтір спирті), түрлі қышқылдар, тұздар, азот, фосфор, калий тыңайтқыштары, тотияйын, ашудастар, т.б. заттар өндіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *