АННЕНКОВ Борис Владимирович (1889, Киев губ. — 25.8. 1927, Семей) — Сібір казак әскерінің атаманы. Шыққан тегі — дворян. 1-дүн. жүз. соғысқа қатысқан. 1918 — 20 ж. Кеңес өкіметіне қарсы ақ казактарды бастап соғыс жүргізді. 1918 ж. А-тың құрама дивизиясы (10 мыңға жуық адам) Қазақстанның солт., орт. аудандары мен Ертіс бойында, ал 1919 жылдың қаңтарынан Жетісуда әскери-соғыс диктатурасын орнатты. Жүріп еткен жерлерін қанға бояды. Қазақ ауылдарын, орыс селоларын қырғынға ұшыратты. Бесіктегі нәрестелерді найзаға ілді. Қарсыластарын атып-шауып, “Азап вагондарында” қинап, пароход пешіне жақты (өскемендік Я. Ушанов, т.б.). Анненковшылдар Омбы мұражайынан тонап алған қанішер казак атаманы Ермак туының астында соғысты. 1919 жылдың соңында Колчак А-ты Жетісудағы ақтар армиясының қолбасшысы етіп тағайындады. 1920жылғысәуірде Қытайға өтті. 1926 ж. ұсталып, әскери трибунаддың үкімімен азамат соғысы жылдарындағы бейбіт халыққа жасаған қиянаты үшін атылды.АННИГИЛЯТТАНУ, аннигиляция (көне лат. annihilatio — жойылу, құру),