АНКЛАВ (фр. enlave, лат. сlavis — кілт) — белгілі бір мемлекет жерінің басқа бір мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттің қоршауында тұрған бөлігі. Мыс., Сан-Марино мемлекетін Италия, Лесотоны Оңт. Африка Республикасы, сондай-ақ Өзбекстанның Шахимардан және Сох қ-ларын Қырғызстан жері қоршаған. Егер А-тың теңізге шығар жолы болса, онда жартылай А.депаталады. Оған Анголаның Кабинда округы мысал бола алады. Өйткені оны Конго мен Заир мемлекеттерінің аумақтары қоршап жатыр.