АНГЛЕЗИТ

АНГЛЕЗИТ, қорғасын купоросы (Англияның Англези аралында табылуына байланысты осылай аталған) — сульфаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы Рb[S04]. Ромбылық сингонияда кристалданып, жапырақша, таяқша, дипирамида, ал кейде топырақ тәрізді масса құрайды. А-тің түсі сары, сұр, жасыл, кейде түссіз, мөлдір; қатт. 2,5 — 3, меншікті салм. 6,1 — 6,4 г/см3; жылтырлығы алмастай, нашар жымдасқан. А. церусситпен бірге полиметалл кендерінің тотығу белдемінде галениттің өзгеруінен және гидротермал ерітінділердің оттекке қанық сумен араласуынан түзіледі. Қазақстанның Алтай, Орал мыс, полиметалл кендерінде жиі кездеседі. А-тен қорғасын өндіріледі.     

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *