АНАЛОГИЯ

АНАЛОГИЯ, құқықта — құқықтық реттеуді қажет ететін, алайда тікелей заңда немесе заң актілерінде қарастырылмаған қоғамдық қарым- қатынастарда соған ұқсас жағдаяттарды реттейтін құқық нормаларын (зандар А-сын) қолдану; мұндай нормалар болмаған кезде сәйкесті құқық саласының немесе ин-тының ортақ негіздері мен прин- циптерін (құқық А-сын) пайдалану. А. бойынша құқық қолдану қажеттігі заңдардың шалағайлығынан, занда кемшіліктер жіберілуінен (яки, қарастырылып отырған нақты жағдай арнаулы заң баптарында көзделмегендіктен) және оның толық болмауынан, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың осы заңмен реттелуге жататын жаңа қырларының пайда болуынан туындайды. А. негізінен, азаматтық заңдарда қолданылады. Ал императивтік нормалар жүйесі болып танылатын қылмыстық заңдарда оны қолдануға болмайды. Мұсылманшылыққұқ ы қ т а : А. (араб.қийяс) — қағидалар мен ережелер жиынтығы. Ислам діні пайда болған алғашқы жүз жылдықта Құранда көрсетілген қағидалар күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолдануға жеткіліксіз болғандықтан, кейбір таласты мәселелерді түсіндіру, Құран мен Суннага, Иджмаға қосымша ретінде айқын бағыт-бағдар беру үшін шығарылған. Алғашқы мұндай әдісті Хаммад ибн Әби Сүлеймен мен оның шәкірті Әбу Ханифа (699 — 767) қолданып, кейбір құқықтық қайшылықтарды шешуге тырысты. А. а й қ ы н және ж а с ы р ы н болады. А. модельдерін құрғанда алыс, жақын, тарылтатын, кенітетін деген тарамдарға бөледі. А-ның негізгі нышандық тізбегіне н е г і з (әсіл), одан соң т а р м а қ (әл-фарь), ақылға салу (әл-хуки), соңында себеп немесе ш а р т алынып, ұқсас деректерді салыстыру арқылы тұжырымдалады. А. барлық мұсылманшылық құқық ағымдары үшін ортақ бастау ретінде қабылданған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *