АМФОЛИТТЕР

АМФОЛИТТЕР — электролит ерітінділерімен әрекеттескенде аниондарын да, катиондарын да алмастыру қабілеті бар торлы полимерлер немесе биполярлы ионалмастырғыш шайырлар. Олардың құрамындағы қышқылдық және негіздік топтар өзара әрекеттесіп тұз түзуі мүмкін. Ең көп тарағандары — амино немесе иминокарбоксильдік, пиридинкарбондық, аминофосфорлы-қышқылдық А. болып табылады. Олар ионогенді топтары қарама-қарсы зарядталған мономерлерді полимерлеу немесе поликонденсаттау арқылы алынады. А. — қатты түйірлі өнімдер, өлшемдері 0,2 — 2,0 мм. Кейбір А-ді сумен жуу арқылы бастапқы қалпына келтіруге (регенераттауға) болады. Жалпы, А. гидрометаллургияда ауыр, түсті және сирек металдарды, күшті және әлсіз электролиттерді, биол. препараттардың ерітінділерінен анорганик. қоспаларды бөліп алу үшін қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *