АЛЬПІЛІК ҚАТПАРЛАНУ

АЛЬПІЛІК ҚАТПАРЛАНУ — мезозой мен төменгі палеоген кезіндегі геосинклинальдар мен платформалар аумағында кайнозой эрасында орнаған жас, биік тау жүйелерінін түзілуіне себеп болған тектоникалық құбылыс. Бүл типті қатпарлану алғашқы рет Альпіде зерттелген, соған байланысты осылай аталған. А. қ. нәтижесінде түзілген тау жүйелері жерортатеңіздік (ендік және солт.-батыс бағыттарында) және тынық мұхиттық (бойлық бағытта) деп аталатын екі белдемнен тұрады. Жерорта теңіздік белдемге: Еуропада — Альпі, Пиреней, Андалузия, Апеннин, Карпат, Динар, Стара-Планина, Қырым, Кавказ таулары; Азияда — Понтий, Тавр, Түрікмен-Хорасан, Эльбрус, Гималай, Загрос, Сүлеймен таулары мен Үндіқытай түбегінің тау тізбегі кіреді. Тынық мұхиттық белдемге:Азияда — Камчатка түбегі, Курил, Жапон, Филиппин, Индонезия аралдары; Солт. Америкада — Аляска мен Калифорнияның Тынық мұхит жағалауын қатпарлы жоталары; Оңт. Америкада — Анд тау жүйесі, Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландияға дейінгі Австралия құрлығын көмкеріп жатқан аралдар тобы; Антарктидада — Антарктида түбегінің қатпарлы жоталары енеді. Осы екі белдем Малакка түбегінің оңтүстігінде қосылады. А. к-дың аймақтық дамуы екі үлкен кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде (триастан палеогенге дейін) геосинклинальдық ойыстар пайда болып, олардың іші шөгінді және жанартаулық жыныстарымен толып, қатпарланып біраз көтерілген; екінші (палеогеннің соңы, неоген, антропоген) немесе орогендік кезеңде — бірінші кезеңдегі процесс жалғаса отырып, көптеген үлкен тау жүйелері құрылған (Гималай, Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, т.б.); сонымен қатар жаңа тауаралық және тау алды ойыстары пайда болып, олар неогенантропогендік (моласс және жанартаулық) жыныстармен толыққан. А. қ. аймақтарында тектоник. әрекет күшті болғандықтан, жер сілкіну, жанартау атқылау жиі болып тұрады. Казақстанда мұнай, газ, көмір, сондай-ақ түсті металдардың көптеген кендері А. қ-мен байланысты түзілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *