АЛЬПІЛІК ЖЕР БЕДЕРІ

АЛЬПІЛІК ЖЕР БЕДЕРІ — қар шегінен жоғары, жылдың басым бөлігінде қар мен мұз басып жатқан биік тау аңғарлары мен тау шатқалдары. Бұлар геол. құрылысы жағынан альпілік қатпарлану кезінде қалыптасқан және қайта көтерілуге ұшыраған жас таулар болып табылады. Жер бедерінің беткейлері тік құзды, шатқалдар мен тау шыңдары үшкір келеді. Мұндай А. ж. б. Гималай, Кавказ, Памир, Тянь-Шань тауларында бар. Қазақстанда Тянь-Шань тау жүйесінің солт. сілемдері мен жоталары (Іле Алатауы, Жетісу Алатауы) және Алтай тауларында кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *