АЛЬПІЛІК БЕЛДЕУ

АЛЬПІЛІК БЕЛДЕУ — субальпілік белдеуден жоғары, нивальдік белдеуден төмен орналасқан, биік таудағы табиғи белдеу. Белдеудің қандай биіктікте орналасуы геогр. ендікке, таулардың ылғалды жағдайына және беткей экспозициясына байланысты. А. б. Альпі тау жүйесі мен Кавказ тауының батысында 2200 м-ден 3000 м, Гималайдың оңт. беткейлерінде 3600 — 5000 м, Іле Алатауы мен 328 Жетісу Алатауында 2800 — 3500 м, Алтайда 2500 — 3000 м биіктікте орналасқан. А. б-де таулық мұздықтар кең таралған. Климаты суық, қысы ұзақ, 8—10 айға созылады. Қары қалың, желі қатты, өсімдіктің өсіп-өну мерзімі қысқа. Қаңтар айының орташа темп-расы -15°С, шілдеде 14°С-дан аспайды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1000 мм-ге жетеді. Белдеуде қар көшкіні жиі болып тұрады. А. б-де альпілік шалғын мен аласа келген бөртпе бұталар өседі. Арқар, тау ешкісі, күдір, қодас мекендейді. Қазақстанның биік тауларындағы А. б-лер жазда мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *