АЛЬГИЦИДТЕР (лат. аlga- балдыр, теңіз шөбі және саedo — өлтіру) балдыр жойғ ы ш т а р — су қоймаларындағы және басқа тех. жүйелердегі балдырларды жою үшін қолданылатын дәрілер. Төменгі сатыдағы өсімдік тобымен күресуде фотосинтезді тежейтін триазин, цианур қышқылы және мочевинадан алынған гербицид түрлері, құрамында активті хлоры бар бактерицидтер, аммоний тұздары, мыстың көптеген қосы- лыстары мен комплекстері, фунгицидтер пайдаланылады. А-дің балықтар мен су жәндіктеріне зиянсыз болуы шарт.