АМУР (монғол. Хара-Мурэн — Қара өзен, кытайша Хейлунцзян — Қара аждаһа өзені)

АМУР (монғол. Хара-Мурэн — Қара өзен, кытайша Хейлунцзян — Қара аждаһа өзені)— Шығыс Азиядағы өзен. А. өз-нің алабы 3 мемлекеттің (Ресей, Қытай, Монғолия) жерінде орналасқан. Алабының ауд. 1855 мың км2. Өзен бастауы Шилка мен Арғын өз-дерінің қосылған жерінен басталады. Охот т-ндегі Сахалин шығанағына құяды. А-дың ұз. 2824 км, ал Арғын бастауынан (Хайлар) есептегенде 4400 км. Өзеннің гидрографиялық желісіне 10 мың өзен және 61426 көл кіреді. Аңғарының құрылымдық ерекшеліктеріне қарай Жоғарғы Амур (ұз. 900 км), Орта Амур жөне Төменгі Амур телімдеріне бөлінеді. Өзен жаздық, күзгі муссондық және жазғы-күзгі жаңбырлар негізінде толығады. Ең төменгі деңгейі қыс аяғында байқалады. Мұзы сәуір — мамыр айларында ериді. Көктемде сең жүру кезінде су деңгейін 15 м биіктікке дейін көтеретін мұз бөгет пайда болады. Кейде күшті нөсерден соң А-дың орта және төм. ағысында ені 10 — 25 км-ге жететін, ұзақтығы 60 — 70 күнге созылатын су жайылу (басу) құбылысы байқалады. А-дың көпжылдық орташа ағыны сағасында 10800 м3/с-ке, ал Хабаровск тұсында 7549 м3/с-ке жетеді. Арнасы ұзына бойына кеме жүруге қолайлы. Басты айлақтары: Благовещенск, Хабаровск, Амурдағы Комсомольск, Амурдағы Николаевск. А. гидроэнергет. ресурстарға бай. Алабындағы кішігірім өзендердің потенциалдық қуаты 45 млн. кВт-қа бағаланса, өнеркәсіптік қуаты 15 млн. кВт. Балықтың 99 түрі бар.         

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *