АМУНДСЕН Руаль (1872 — 1928) — норвег саяхатшысы. Кеме капитанының отбасында дүниеге келген. 20 жасында Кристиания к-ндағы ун-ттің медицина ф-тін бітіреді. 1894 — 99 ж. аралығында бірде матрос, бірде штурман болып әр түрлі кемеде жүзген. 1903 ж-дан бастап көпшілікке әйгілі болған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1903 — 1906 ж. аралығында “Йоа” кемесімен Гренландиядан Аляскаға жетті. Норвегиядан (1910 ж.) “Фрам” кемесімен Антарктикаға аттанады.1911 ж. 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 ж. Шпицберген — Солт. полюс — Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-транс-арктикалық ұшуды басқарды. Солт. мұзды мұхитта апатқа ұшыраған У. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солт. Мұзды мұхитта А. есімімен аталатын қазан- шұңкырлар, бұғаздар бар.