АМПИР (франц. еmpire — империя) — 19 ғ-дың басында Батыс Еуропада, негізінен, сәндік қолөнері саласында дамыған мәнер. Бұл кезінде “Жоғары классицизм” немесе “Людовик ХУІ-ның мәнері” деп те аталған. А-дің сәндік қолөнері бұйымдарында кездесетін әшекей белгілері Көне Рим өнеріне еліктеушіліктен туындаған. Осы мәнер, әсіресе, жиһаздарда, ыдыс-аяқ пен мата бұйымдарында, сәулет өнері туындыларында бой көрсетті. А. мәнері Еуропа елдерінде (Францияда, т.б.) қызыл ағаштан безендіріп жасаған жиһаздар арқылы әйгілі болды.