АМПЕР — 1) электр тогы күшінің Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Француз физигі А.М. Ампердің (1775 — 1836) есімімен аталған. Белгіленуі: А. 1 А — бос кеңістікте (вакуумда) бір- бірінен 1 м қашықтықта параллель орналасқан, шексіз ұзын әрі өте жіңішке дөңгелек қималы, түзу екі өткізгіш бойымен өткенде, осы өткізгіштің ұз. 1 м болатын бөлігінде 2 • 10—7Н-ға тең өзара әсер күшін туғызатын, өзгермейтін ток күшіне тең. 1 А = 3 • 109 СГСЭ бірлігі = 0,1 СГСМ бірлігі; 2) магнитгік қозғаушы күштің (ескі атауы — ампер- орам) Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі. Бұл жерде 1 А — күші 1 А болатын тұрақты ток контурымен ілініскен тұйық контур бойындағы магниггік қозғаушы күшке тең. 1 А = 0,4 π гильберт = 4 π • 3 • 109 СГСЭ бірлігі.