АМНЕЗНЯ

АМНЕЗНЯ (грек. amnesia — ұмытшақтық, есінен айырылу) — еске түсіру және есте сақтау қабілетінің жоғалуы нәтижесінде адам жадының нашарлауы немесе жойылуы. А. үдемелі А., бекімелі А., ретроградтық А. және антероградтық А. болып бөлінеді. Үдемелі А-ға шалдыққан адам көргенін тез ұмытып қалады. Бірте-бірте алдында болған жағдайларды да ұмытып, зердесінен біржолата шығарады. Мұндай сырқат ессіз күй, терең ұйқыға кету (сопор), патологиялық маскүнемдік салдарынан болады. Бекімелі А-ға ұшыраған адам жаңалықтарды сол бойда қабылдай алмайды. Бірақ бұрынғы және кейінгі зердесі сақталады. Ол, көбінесе, Корсаков психозы, иіс газымен улану, бастан жарақаттану салдарынан болады. Ретроградтық А. психикалық ауру кезінде пайда болады. Онда адам не істегенін ұмытып калады. Алантероградтық А-ға шалдыққан адам аурудан кейінгі жағдайды ұмытады. А-ның соңғы екі түрі көбіне қабаттаса жүреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *