АММОФОС

АММОФОС, NH4Н2РO4 — ақшыл сұр түсті, түйіршікті күрамында 11 — 12% азот, 46 — 50% фосфор ангидриді бар, суда еритін, ауадағы ылғалды сіңірмейтін тыңайтқыш. А. аммиакты ортофосфор қышқылымен бейтараптау арқылы алынады. Онда өсімдікке зиянды әсер ететін қоспа кездеспейді. Өсімдік А. құрамындағы NH4пен Н2РO4 — иондарын жақсы сіңіреді. Тәлімі жерлерде астық дақылына сүрдігер жыртқанда, тұқым сепкенде, суармалы аймақты тыңайтуға, үстеп қоректендіруге қолданылады. Құрамында азот пен фосфор ангидридінің үлесі көп (1:4) болғандықтан, азот тыңайтқышымен бірге пайдалану оның тиімділігін арттырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *