АММОНОЛИЗ

АММОНОЛИЗ (лат. ammonia — аммиак және грек. lysis — ыдырау, еру) — аммиак пен органикалық қосылыстар арасындағы алмасу реакциясы; нуклефильді алмасу механизмі бойынша жүретін гидролиз және алкоголизге ұқсас сольволиттік реакция (мыс., алкилгалогенидтер мен сулы аммиак немесе спирттер мен аммиак араларындағы реакциялар). Ароматтық галоген туындылары аммиакпен тек арнайы жағдайда ғана әрекеттеседі (мыс., хлорбензол тек 160 — 210°С-та, мыс оксиді қатысуымен, аммиактың сулы ерітіндісінің артық мөлшерінде қыздырғанда ғана анилинге айналады). Керісінше, сулы аммиак әсерінен нафтолдың нафталинге, этилен оксидінің этаноламинге ыдырауы жеңіл жүреді. Соңғы процесс те А. реакциясына жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *