АМИДТЕР

АМИДТЕР — құрамындағы гидроксил тобының (ОН) ор- нын аминдік топ NH2, басқан қышқыл туындылары. Оларға органик. карбон қышқылдарының туындылары — формамид (құмырсқа қышқылының амиді), ацетамид (сірке қышқылының амиді), бензамид (бензой қышқылының амиді), т.б. жатады. А-ді карбон қышқылдарының аммонийлі тұздарын сусыздандыру арқылы алады. А-дің сұйық күйде болатын формамидтен басқалары қатты заттар, көбісі суда жақсы ериді. Олар түссіз не ақ кристалдар түрінде кездеседі. Тығызд. 1,0 — 1,4 г/см3, балқу t 80 — 180°С, қайнау t 220-290°С аралығында болады. А-дің анорганик. қышқылдармен әрекеттесуі ҚазМҰУ-де зерттеліп (Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н., Ерқасов Р.Ш., Тәшенов Ә.К., т.б.), соның нәтижесінде 200-ден астам жаңа амид қышқылды туындылар алынды. Балқыған күйінде көптеген анорганик. және органик. заттарды жақсы ерітетіндіктен А-ді еріткіш ретінде қолданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *