АМАНҚАРАҒАЙ — Қостанай обл-ның Әулиекөл ауд-ндағы шоққарағай. Ауд. 320 км2-дей. Батыстан шығысқа қарай 45 км-дей жерге созылып жатыр, ені 15 км-ге жуық. Ағаш қоры 250 — 350 м3/га. Тоғай өскен жер бедерінің басым бөлігі бор және неоген шөгінділерінен құралған. Оңт.-батыс бөлігінде тасты шағылдар мен құм төбелер кездеседі. Ойпаң жерлерде қарағай мен қайың, көктерек өседі. Жазда жартылай тартылып қалатын ұсақ көлдер бар. Олардың жағалауында сораң өсімдіктер, қарағай, бетеге, қоңырбас, атқонақ, көде өседі. А-дан Аманқарағай кентіндегі орман ш. кәсіпорыны маңайдағы елді мекендер үшін тұрғындарға. ағаш дайындайды.