АМАНҚАРАҒАЙ — Қостанай обл. Әулиекөл ауд-ндағы кент, т. ж. ст. Ауд. орталығы — Әулиекөл а-нан солт.-батысқа қарай 4 км жерде, далалык белдемде орналасқан. Тұрғыны 7,7 мың адам (1997). Кентте тұрмыстық қызмет көрсету орындары, орта мектеп, мәдениет үйі, сауда орталығы, т.б. мекемелер бар.